Гос закупка
Гос закупкаГос закупка |
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
06.15.2012
Мектептің әдістемелік кабинеті «Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің білімділігі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру» мәселесі бойынша жұмыс жүргізеді. Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері :
жетілдіре отырып, оқушыларға сапалы білім беру.
Әдістемелік кабинетте ғылыми-педагогикалық ақпараттармен озат тәжірибені жинақтап- тарату, жаңа технологияларды насихаттайтын материалдар, нұсқаулар, рефераттар,бағдарламалар, кітапшалар жинақ-талған. Мұғалімдердің педагогикалық қызметі тұрақты түрде рейтинг жүйесімен бағаланып, мониторинг жүргізіліп тұрады. Ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру мақсатында әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен теориялық және практиқалық семинарлар, әдістемелік күндер мен апталықтар, пән апталықтары, шығармашылық топтың шығармашылық күндері, жас мамандар онкүндігі өткізілді. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру.Олардың өз бетінше білім алуы. Мектепте мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы жоспарға сай жүргізіледі. Яғни, әр мұғалімде өзінің пәніне сәйкес әдістемелік өзекті мәселесі бойынша теориялық және саяси идеологиялық әдістемелі жұмыстары жоспарланып, іс барысында іске асырылуда. Мұғалімдердің шығармашылық папкаларында материалдар толығымен жинақталған. Пән бірлестік отырыстарында жоспарға сай мұғалімдердің өзіндік білім көтеру мәселесі үнемі бақылауда тұрады. Мектеп мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыруда, шығармашылықпен жұмыс жасауды үйлестіруде, ұжымдық талдау жасау арқылы пәнінің беделін өсіруге бірден-бір септігін тигізетін шығармашылық орталық – пән бірлестігі. Бірлестіктердің негізгі мақсаты: оқушылардың біліктілігі мен білім сапасын арттыру. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, жаңа технология әдістерін меңгеріп,сабақта пайдалана білу. Мектепте 9 пән бірлестігі жыл бойы жасалған жоспарлары бойынша жұмыс жасады. 2011/2012 оқу жылында барлық пән бірлестіктерінің жетістіктерін атап өтуге болады : 1. Қалалық «Жас мамандар» слеті – ІҮ орын /жас мамандар/
2011/2012 оқу жылындағы жас мамандар саны – 12. Жылдың басында жас мамандарға тәлімгер ұстаздар бекітіліп, жоспар жасақталды(жетекшісі Абдырова Г.) 06-16.02. аралығында «Қарышта жас маман қарышта, даңқың жетсін алысқа» тақырыбында онкүндік өткізілді. Жас мамандар онкүндікте ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттарын мен бірге педагогикалық жағдаяттарды шешу, педагогикалық-психологиялық тесттерге жауап беру, өз өнерлерін көрсету арқылы білімдері мен педагогикалық біліктіліктерін ортаға салды. «Ең қызықты ашық сабақ» , «Ең үздік жас мұғалім» сайыстары ұйымдас тырылды. Білім беру жүйесіндегі жаңа талап , сабақты ұйымдастыру жолдарының бірі- оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып табылады.Мектеп- тегі «Ізденіс» шығармашылық тобы осы тұрғыдан жұмыс жасады.Шығарма- шылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар : Жолжанова Ш., Масатова М., Суйеуова Г., Юсупова Майда, Бахитов Т., Абдыров С., Өтесінова Н., Абылғазиева А. мультимедия, интерактивті тақтаны пайдаланып қалалық, облыстық үлгі сабақтар өткізді. Шығармашалық топ мүшелері Бүкіл дүниежүзілік «Білім апталығын» ұйымдастырып, өткізді. Апталақтың мақсаты :оқушылардың білімдік,біліктілік,танымдық логикалық ойлау қабілетін , жекелеген пәндерге қызығушылығын арттыру. Әдістемелік орталықта мұғалімдердің білімін жетілдіруі әруақыт назарда ұсталады.Ұстаздар облыстық ,республикалық қысқа және ұзақ мерзімді курстарға, тренингтерге, қалалық , облыстық семинарларға үнемі қатысты. 2011/2012 оқу жылында 54 мұғалім білім жетілдіру курсында болды. Оның 3-еуі республикалық:
5-1. Әдістемелік проблемамен жұмыс Мектептің жалпы проблемасының негізінде әдістемелік бірлестіктердің проблемасы анықталады. Әдістемелік проблеманың талқылануы, бекітілуі. (Алынған проблема бойынша нешінші жыл жұмыс істелінеді). Алынған проблемаға сәйкесінше міндеттердің іріктелуі. Әдістемелік апталық өткізу. Мектептің жылдық жоспарына сәйкес қазан- сәуір айларына жоғары сынып пәні және бастауыш сыныптар бірлестігі апталығының жұмыс жоспарының жасалталды, жоспарға сай ашық сабақтар мен тақырыптық ашық тәрбие сағаттарының өткізілді. Апталықтың мақсаты, міндеті. Апталық жұмысында белсенділік көрсеткен қазақ тілі пәні мұғалімі Тореханова Алуаш, физика пәні мұғалімі Джумагалиева майра, биология пәні мұғалімі Абдырова Г., ағылшын тілі пәні мұғалімі Қанарова Б., Кылышбаева Б., бастауыш сынып мұғалімі сулейманова Ұ., Туякбаева Ж. мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. Апталық кезінде жоспар бойынша қойылған іс-шараларды өткізбеген қазақ тілі пәні мұғалімі Абдымашикова А., орыс тілі Утегенова Г.,Таганбердиева Т., бастауыш сынып мұғалімі Смадиярова А.ескерту айтылды. МАД тобының мұғалімдерінің іс-шараларға араласпауы сынға алынды. Келесі оқу жылында осы кемшіліктерді жою, апталықтарды талапқа сай өткізу пән бірлестік жетекшілеріне ескертілді. Кабинеттерді безендіру, оларға қойылған талаптардың орындалуы, эстетикалық көркемдік, пәндік - мазмұндық жағы т.б. атқарылған жұмыстар туралы толық мәліметтер беріледі, кемшілігі көрсетіледі.. 5-2. Әдістемелік кеңес 2011/2012 оқу жылында мектептегі әдістемелік кеңес жоспарының талданып, бекітілді. Бағдарлама мен күнтізбелік жоспарлардың әр пән бойынша бірлестік отырыстарында қаралып, бекітілді. Пәндік әдістемелік апталықтар пән бірлестік жетекшілерімен біріге отырып жасақталды . Озат педагогикалық іс - тәжiрибелерді мектепішілік, қалалық, облыстық зерттеу,тарату, қорыту жұмыстары қаралды. 5-3. Семинарлар, байқаулар. 2011/2012 оқу жылында мұғалімдер тәжірибе алмасу мақсатында Мектептегі оқу - педагогикалық қызмет құжаттарының (журнал т.б.), оқушылардың іс құжаттарының толтырылуы, қазіргі сабақ, олардың түрлері, дидактикалық талаптары мен құрылымы, сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, мұғалімнің, оқушының портфолиосы туралы мектепішілік семинарлардың ұйымдастырылуы (аудан, облыс көлемінде өткізілген семинарлар мен байқауларға да қатысуы). Мұғалімдердің өз бетімен білімін дамытуы, жоспарлауы, мазмұны, орындалуы. Білім технологияларының қолданылуы (технологиялар түрлері оларды пайдаланатын мұғалімдердің тізімі беріледі). Мұғалімдердің тоқсан бойынша жоспардағы байқаулар мен семинарларға және аудан көлемінде өткізілетін осындай іс-шараларға қатысуы мен нәтижелері туралы толық мәліметтер беріліп, аналитикалық талдау жасалады.
5-4. Ашық сабақтар мен мастер-кластар Мектептегі шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдердің мастер кластар өткізуі. Сабаққа өздік талдау жасаудың түрлерін көрсетуі. Сыныпта жүргізілетін ашық тәрбие сағаттарын көрсету, үлгілеу, талдау жасау түрлерін көрсетуі. Пән мұғалімдерінің ашық сабақтар өткізуі (ашық сабақтарды өткізген мұғалімнің аты-жөні, сыныбы, пәні, жетістіктері, кемшіліктері, ұсыныстар, пікірлер толық көрсетіледі). Өткізілген ашық сабақтардың сапасы, мониторингі, талдау жасау түрлерін көрсетуі. Тоқсан ішінде алынатын ағымдық бақылау жұмыстарының жүргізілуі, нәтижесі. Үйірме жұмыстарының жүргізілуі.
5-5. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру Кәсіби қарым – қатынас арқылы педагогикалық шеберлікті анықтау, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамытуға нақты жағдайдың жасалуы туралы. Мектепте шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді іріктеу, жұмыс жоспарының талдануы, бекітілуі туралы. «Мастер класс» жетекшісінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің пән бірлестіктері жетекшілеріне көрсеткен көмектері. ТҚЖ мен көрнекіліктердің толықтығы, сапасы. Шебер ұстаздардың оқыту технологияларын пайдалануын, тәжірибесін, әдіс –тәсілдерінің тиімді жолдарын басқа мұғалімдердің қызметінде пайдалануы. Қазіргі кезеңдегі педагогика, психология, әдістеме саласындағы тың жаңалықтарды, әдіс-тәсілдерді оқу, меңгеру және мектепте инновациялық орта қалыптастыру үшін пайдалануы. Ғылыми-теориялық және әдістемелік әдебиеттермен қаншалықты қамтамасыз етілген, авторлары, әдебиеттер атауы т.б. туралы мәліметтер толық беріледі.
5.6. Озат педагогикалық тәжірибе 20... – 20... оқу жылында мектептегі озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, зерттеу, насихаттау барысында атқарылған жұмыстар. ОІТ таратудың қажеттілігі, тиімділігі. Іс-тәжірибесін таратуға лайық ұстаздардың шығармашылық жұмыстарының жинақталуы, құжаттарының дайындалуы, зерттелу тақырыбы. Жинақтаудың қандай деңгейде екендігі.(1-жыл, 2-жыл немесе аудандық, облыстық, республикалық, т.б.). ОІТ таратудың жолдары (ашық сабақтар өткізу, практикалық немесе теориялық семинарлар өткізіу, аудандық, облыстық шараларға қатысу, баяндама жасау, мерзімді баспасөзде жариялануы, педагогикалық кітапшаларға жинақталуы т.б.)
5-7. Пән бірлестіктерінің жұмысына диагностикалық талдау ӘБ ашылуы туралы бұйрық, жетекшілерінің тағайындалуы, жоспар бойынша әдістемелік бірлестік жұмыстарының орындалуы, мұғалімдердің өз міндеттерін білуі. Пән мұғалімдерінің өзекті проблемаларды шешуде атқарған жұмыстары. Білім мен тәрбие беруде қолданылатын білім технологиялары. 20…- 20… оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдер, олардың тізімі. Пән бірлестіктері мұғалімдердің өз білімдерін көтеруі, курстардан өтуі. Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуы.
Тэги в Теги
менің ұстазым» тақырыбында онкүндік мектепішілік мерекелік іс-шаралар Гос закупка Информатикадан ашық сабақ. Қонысбаева Марзия Оқу-әдістемелік туралы мәлімет новость Масатова Майжан обл.олимпиада опросы 2012-2013 оқу жылында білім беру ұйымдарын компьютерлендіру туралы мәліметтер ГОС Сведение о компьютерной технике школ (детских садов Сведения о лингафонных и мультимедийных кабинетах ___Жанаозенг. №15 с/ш__району/городу Информатика мұғалімдерінің сапалық құрамы
|