Гос закупка
Гос закупкаГос закупка |
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ ОҚУМЕН ҚАМТУ
06.15.2012
3.1. Бұйрықтармен жұмыс Мектеп жасындағы оқушыларды жалпыға міндетті оқуға тарту айлығы Облыстық білім департаментінің 14.03.2012ж. №87, қалалық білім бөлімінің 20.03.2012ж. №44-НҚ бұйрығы және мектеп директорының 20.03.2012ж.№20/3-нқ бұйрық негізінде жүргізілді. 3.2. Ықшам аудандарды аралау Жалпыға міндетті оқуға тарту Наурыз айлығы «Рахат-1» ықшам аудан толығымен, «Рахат-2» ықшам ауданның 1,2,3 көшлері және сүт зауыты көшелері толығымен қамтылған. 2011-2012оқу жылында ықшам аудандарға мұғалімдерді бөлу бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан 20.03.2012 жылы №20/3-нқ бұйрықтың шығарылуы. Бұйрықпен барлық мұғалімдер таныстырылды. Рейд қорытындысы бойынша мектебімізге тиісті ш/а 0-18 аралығында барлығы 3345 балалар мен жасөспірімдер бар екені анықталды. Соның ішінде 0-6 жас аралығындағы бала саны 1381 Мектептегі оқушылар саны: 1964 . Шағынауданда мектеп жасында болып, мектепке келмей отырған мүгедек балалар анықталды. Олар: 1. Қоблаш Салтанат-24.04.2001ж. (Р-1-2-115), 2. Шаубаев Бақыт-29.01.2000ж. (Р1-12-75), 3. Батканбаев Ұлар-09.09.1996ж. (Р-1-3-25) Атырау қаласының мұгедек балалар интернатының 9 сыныбын бітірген. Мектеп жасына жетпеген мүгедек бала –Сагиева Дилназ-19.04.2009ж. Мектептегі оқушылар саны: 1581 . МАД тобының бала саны: 117 Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушы саны: 4. Нақты осы уақытта № 15 орта мектебінде оқитын оқушы саны 1581. Ықшам аудандарды аралау кезінде төмендегідей кемшіліктер болды: Кейбір көшіп келген отбасылардың тұрақты мекен-жайларының болмағандығынан, оқушылардың нақты тұратын мекенін бақылау қиындық туғызып отыр; отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты; Мектеп мұғалімдері ш/а аралау уақытында қауіпті жағдайлардың көп кездесетіні, тұрақты мекен-жайы жоқ ата-аналардың жалған ақпарат беріп, бала санын санауда қиындық туғызатыны, үйлерді аралау барысында үйінде адам болса да есіктерін ашпауы, аралап жүрген мұғалімдерге қатты сөздер айтып қуып жіберуі, бұралқы иттердің көп кездесіп адам өміріне қауіп туғызатыны. Ықшам аудандарды аралау кезінде жасалынған есептің нақтылығы, жауапты адамдардың есепті дұрыс жасамағаны, уақытымен есеп бермеуі және есепті дұрыс бермеуі, өз жауапкершілігіне немқұрайдылықпен қарауы, баланың сандық есебі дұрыс болғанымен басқа мәліметтердің толық болмауы, дәптерді дұрыс толтырмауы, басқа оқу мекемелерінде оқитын оқушылардың анықтамаларын өткізбеуі де көп жағдайда кедергі болып, ондай жауапкершіліксіз мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан ескертулер берілді. 3-4. Оқушыларды тасымалдау Қатынап оқитын оқушыларды тасымалдауға аудан әкімі тарапынан 20... жылға № ... «Келісім шарт» негізінде .... теңге ( жазбаша түрі) бөлінді. Келісім шарт (мекеменің аты толығымен, төрағасы ...) мен аудан аппараты арасында жасалынған. Оқушыларды тасымалдау үшін аудандық білім беру бөлімінің №... бұйрығы негізінде мектепте 01.09.2011 жылы № 68/8-нқ бұйрықтың шығарылуы. Осы бұйрыққа сәйкес тиісті іс-шаралардың жасалуы:
Мектеп пен үй арасындағы жол картасының жасалынып, оған ата-аналардың да қол қоюы.
Биылғы оқу жылында оқушыларды тасымалдау жұмысы дұрыс жолға қойылған жоқ, қыстың қақаған аязында көліктің жарамсыздығы, бөлшек құралдарының жетіспеуі көп қиындықтар туғызуда. Келесі оқу жылында оқушы тасымалдау жұмысына дүрыс көңіл бөлініп, балаларға арналған көліктің бала ігілігінде жұмсалғаны жөн деп санаймыз. Осы кемшіліктерді жойып, дүрыс жолға қою мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң бақылауға 3-5. Жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасы мен әлеуметтік жағдайы нашар оқушыларымен жұмыс. Жыл басында №... бұйрық негізінде балалар құқығын қорғау инспекторы Мынбаев Нуртас тағайындалды. Жетім және жартылай жетім, қамқоршысыз қалған оқушылармен жұмыс бойынша №... бұйрық шығарылып, осы бұйрық незінде іс-шара жасалынды. Мектеп әлеуметтік психологы Хамзина Г. жыл бойы оқушылардан, ұстаздардан, ата-аналардан оқу-тәрбие жұмысына байланысты анкета , сауалнамалар жүргізді, тренингтер өткізді. Қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, дәрігерлермен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Мектеп бойынша жетім оқушы – 0 (жоқ) Жартылай жетім бала саны: 49 , Сәтсіз отбасы -5, Әлеуметтік жағдайы нашар 149 оқушы тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі 140 оқушы да көмекке зәру екендігі анықталды. 2012 жылдың наурыз айынан бастап 383 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның 180 -і 1-ші сынып оқушылары. Оқу жылында 3 қамқаорлық акциясы өтті: қыркүйек,ақпан,сәуірде.10 оқушыға ақшалай және киім-кешектей көмек көрсетілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 44 оқушыға киім –кешек алынды. Қалалық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясына 11 оқушы қатысты және көмек алды. Мектепте «Қамқорлық» акциясы өткізіліп, жиналған 45000 тенгені 9 оқушыға 5000 тенгеден бөлініп берілді.Оқу жылының аяғында 4,9,11 сынып оқушыларына ақшалай және материалдық көмек көрсетілді. Мектептегі ұжымның ынтымақтастық хал-ахуалы оқу-тәрбие жұмысының дұрыс жүруіне ықпалы өте зор. Бұл бағытта мектеп психологы қызметінің қосар үлесі мол. Мектеп психологы Ж. Ужазованың жұмысы төмендегідей бағытта жүргізілді : 1) ұжыммен, 2) оқушылармен, 3) ата-аналармен, г) түрлі ұйымшылдыққа тәрбиелеу жұмыс түрлеріне арналды Мектептің педагог-психологы Ужазова Ж. мектептегі 12 жас маманмен сауалнама жүргізді. Мектепішілік есепте тұрған 12 оқушыға жеке карта жасақталып, сұбхаттасу, сауалнамалар, тренингтер жүргізіліп, темпераменттері анықталды. 5-8 сыныптар арасында «Тұлғалық өсу», 5 сыныптарда «Тілек», 5-6 сыныптарда «Өзін – өзі бағалау», 9 сыныптарда «Сөз» тренингтері өткізілді.9-11 сынып оқушыларының мамандық таңдау мақсатында «Дж. Голланд әдістемесі», «Кім болғың келеді?», «Бүгінгі мектеп-шәкірттер көзімен» тақырыбында тест, сауалнама жұмыстары жұргізілді. 1-4 сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту мақсатында «Маңызды белгілерді айыру белгісі», «Логикалық операцияның дамуын байқау» атты тренингтер жүргізілді.Мектеп бітірушітүлектерге ҰБТ барысында өз мінез-құлқына, іс-әрекетіне нұсқаулар берілді. Үйден оқитын 4 оқушыға да психологиялық кеңес, тренингтер өткізілді, ата-аналармен жұмыстар жасақталды. 3-6. Оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 28 мамырдағы №12 қаулысы негізінде оқушыларды бір мезгіл ақысыз тамақпен қамтамасыз ету мақсатында, мектеп әкімшілігі тарапынан шығарылған 02.09.2011 ж.№ 69/4-нқ бұйрық негізінде мүжәлсіз, жартылай жетім, сәтсіз жанұя балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып,отбасыларын тексеріп, акт жазу жұмыстары 10 қырқүйекке дейін аяқталу керек, ал тамақтану 2 қырқүйектен бастап жолға қойылу керек. 3-7. Балаларды мектепалды даярлық тобына қамту Мектепалды даярлық топтарындағы бала саны жыл басында ... . Класс комплектісі -4 Қосымша келгені ... . Кеткені ... . Нақты осы уақытта 117 оқушы. Мектепалды даярлық тобы мұғалімдерінің сапалық құрамы төмендегідей: Каршабаева Асемгүл- Мангыстау гуманитарлық колледжінің бастауыш сынып мұғалімі Инербаева Алия – Алматы, Абай пед.институты, бастауыш сынып мұғалімі Утебаева Баян –Ташкент педучилище бастауыш сынып мұғалімі
Сынып кабинеттерінің жетіспеуіне байланысты оқушылар екі кезең аралығында оқыды. Оқушылардың жеке іс-құжаттары, балалардың топтарға сәйкес жинақталуы, сынып журналы ата-анамен жұмысы талапқа сай жүргізілген. Сынып кабинеттерінің әдістемелік талапқа сай жабдықталмаған, күнтізбелік жоспарлары, сабақ жоспарларының жазылуы, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуы талапқа сай деп айтуға болмайды. Білім негізі бастауыш болғандықтан дурыс тәлім-тәрбиемен білімді осы МАД тобынан бастаған жөн. МАД тобының оқытушылары ешқандай іс-шараларға қатысып, балаларың білім деңгейін көрсеткен емес. Осы мәселені қолға алатын кез келген сияқты және МАД тобының балалырын тәжірибелі ұстаздарға беріп, оқушы білім деңгейін анықтап, 1 сыныпқа айқындап қабылдау керек. Tags in Теги
Масатова Майжан обл.олимпиада Оқу-әдістемелік туралы мәлімет ГОС Информатика мұғалімдерінің сапалық құрамы Информатикадан ашық сабақ. Қонысбаева Марзия Сведения о лингафонных и мультимедийных кабинетах ___Жанаозенг. №15 с/ш__району/городу Сведение о компьютерной технике школ (детских садов 2012-2013 оқу жылында білім беру ұйымдарын компьютерлендіру туралы мәліметтер менің ұстазым» тақырыбында онкүндік мектепішілік мерекелік іс-шаралар Гос закупка опросы новость
|