Маңғыстау облысының білім басқармасының
Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№ 15 жалпы білім беретін мектеп" КММ
5 - 10
<
>
Мұғалімдер базасы.
Әрбір ұстаздың бойында табылатын адамгершілік, еңбексүйгіштік, төзімділік қасиеттерін бойына сіңірген ұстаздарымыз Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылындағы № 15 орта мектебінде еңбек етіп жүр.
Мектеп ұжымын 2004- 2015 жылдар аралығында тәжірибелі, білікті маман, ардагер ұстаз Утешова Жібек Сәтбаевна басқарса, 2016/2017 оқу жылынан бастап Сарсенгалиев Салауат Садикович басқарып келеді.Мектеп басшылығының мұғалімдерге қойған талабы мен оның нәтижесін үнемі қадағалап отыруының нәтижесінде білім ордасы ұстаздары елеулі жетістіктерге жетіп келеді.
Мектеп мұғалімдері және оқушылары республикалық , облыстық , қалалық олимпиадаларға, байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр.
8 - 11
<
>
Атап айтсақ, еңбек пәні мұғалімі Сәулебай Жұлдыз «Үздік педагог 2017» байқауынан І орынға ие болып,облыстық «Ұлттық салт- дәстүрді насихаттаушы» байқауына қатысып облыс әкімінің грантын жеңіп алды. Биология пәні мұғалімі Абдиров Сергейдің оқушысы Жұмамұратова Қарашаш қалалық пәндер олимпиадасынан І орын, облыстан ІІ орын иеленді және «Менің елім- менің жерім» республикалық инновациялық жобалар байқауына қатысқан оқушысы бас жүлдеге ие болып, Ұлыбританияға жолдама алды. Дарынды оқушыларды ғылыми еңбекке, яғни ғылыми – зерттеу жұмыстарына баулып, дарынды балалардың әлеуетті мүмкіндігін жетілдіріп, жұмыстанып жүрген ұстаздардың бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобланова Айтгүл.Ұстаздың оқушылары Қожаназарова Гүлнұр, Мерекеева Арайлым, Сүндетбай Ырыс , Кәден Ақнұр, Сайынова Гауhар, Нұрсәбитқызы Айдана,Қылыш Нұрай қалалық, облыстық, республикалық ғылыми- зерттеу жобалары байқауларынан І- ІІ орындарды иеленіп жүр.
Биология пәні мұғалімі Дуйжанов Ілияс қалалық жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің олимпиадасында І орын иеленіп облысқа жолдама алса, өзін – өзі тану пәні мұғалімі Довлетова Айжамал қалалық олимпиададан І орынға, облыстан ІІ орынға ие болды.Физика пәні мұғалімі Даулыбаева М. қалалық мұғалімдер олимпиадасынан IV орын,математика пәні мұғалімі Демекова Т. ІІ орын иеленді.Қазақ тілі пәні мұғалімі Масатова М. оқушылары Смагулова М.,Оразымбетов Б.,Абдуллаев А.«Поэзия падишасы Фариза» атты облыстық байқаудан І-ІІ-ІІІ орындарды иеленді.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
Бізбен байланыс: 8(72934) 28-016 / 28-216 / 28-152 /
e-mail:
© 2018-2021. Жаңаөзен қаласындағы «№15 жалпы орта білім беру мектебі» КММ..