Маңғыстау облысының білім басқармасының
Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің
"№ 15 жалпы білім беретін мектеп" КММ
5 - 10
<
>
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұмауға және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар жөніндегі эпидемияға қарсы баяндамалар
24.09.12
№ Тақырыбы Уақыты Сыныбы Әдісі Жауапты
1 Вирустардың негізгі ерекшеліктері 24.09.12 5 «А» Баяндама Медбике: Қойжанова С. 2 «Тұмау» Сурет сайысы 25.09.12 3-7 сыныптар Диктант
Сынып жетекшілер: Пайзуллаева Н.
3 Вирустардың табиғатта тіршілік етуі 25.09.12 5 «Ә» Баяндама
Медбике: Жолбарысова Б.
4 Гигиена-денсаулықтың негізі 26.09.12 8 «В» Баяндама Агнурова Ж. 5 Тұмаудың белгілері 28.09.12 9 «А» Баяндама Сактапова Р
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
15.06.2012
Мектептің әдістемелік кабинеті «Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің білімділігі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру» мәселесі бойынша жұмыс жүргізеді.
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері :
Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің білімділігі мен кәсіби шеберлігін
жетілдіре отырып, оқушыларға сапалы білім беру.
Оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды зерттеп,пайдалану.
Озық іс-тәжірибені насихаттау
Дарынды оқушылармен жұмыс ұйымдастыру.
Жас мамандарға кәсіби көмек көрсету.
Мәлімет
15.06.2012
№15 орта мектептің педагог қызметкерлерінің 2012 жылдың сәуір-мамыр айларында өткізілген білім сатысы оқуынан кейінгі жұмыстары туралы мәлімет
Мәлімет
15.06.2012
Өнерлі өрен
10.12.2012
«Есірткісіз әлем-балалар көзімен» атты балалар суретінің қалалық балалар байқауында көрсеткен өнері мен шығармшылық табысы үшін 7«Б» сынып оқушысы Бақбергенов Қанат І Дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бар әлемді жаулап алған нашақорлық жойылсын,
Алдымызға мақсат болып тек жақсылық қойылсын,
Қазақстан бар әлемге жан-жағымен танылып,
Қасиетті «Алаш елі» тоқшылыққа бой ұрсын.
***
-Ау,халайық, халайық,
Нашаға қарсы тұрайық - деп ұрандатқан Қанаттың қыл қаламын ұштап білім нәрін беріп сусындатқан жетекшісі сурет пәнінің мұғалімі Пайзуллаева Навадтжан.
Жас бағдарламашы
10.12.2012
Қалалық "Ең үздік Веб-сайт" байқауында №15 орта мектебінің 9"А" сынып оқушысы ІІІ орынға ие болды. Жас бағдарламашыға білім нәрін берген жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Қонысбаева Марзия.
Қазан айында «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбында онкүндік мектепішілік мерекелік іс-шаралар
21.12.2012
р/с Тақырыбы Уақыты Сыныбы Жауапты
1 Мерекелік қабырға газеттерін шығару 25.09.-01.10 5-9 сын Сынып жетекшілер
2 «Адал еңбек, алғысым ұстазыма» (Сынып сағаты) 28.09 4 гимназия Тапаева А.
3 «Ұстаздық ұлы -қызмет» (баяндама) 29.09. 3 «Ә» Тәңірбергенова Ұ.
4 «Ұстазым, менің ұстазым» (сынып сағаты) 1.10.-5.10. 1-4 сын Сынып жетекшілер
5 «Ұстамы жақсының,ұстазы жақсы» (сынып сағаты)
1.10.-5.10 5-9 сын Сынып жетекшілер
6 Мектепішілік «Ардагер ұстаздар мен кездесу»
2.10. 9 «Ғ» Абдырова Г.
7 «Шәкіртсіз ұстаз тұл» (тәрбие сағаты) 3.10 5 «Г» Жұмабаева М.
8 «Ұстазым, менің ұстазым» мерекелік концерт 4.10 5-9 сын. «Өзін-өзі басқару» тобы
Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне
04.10.2013
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы»мемлекеттік мекемесінің 07.02.2013жылғы №32 бұйрығына сәйкес 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында №15 орта мектепте «Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне» айлық жоспары жасақталып іс-шаралар ұйымдастырылды.
18.02.2013 ж күні 1-11 сыныптар арасында сынып жетекшілер, психолог, ТЖО «Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне» арналған тәлімсәт өткізді.
06.03.2013ж күні Пайзулаева.Н 5-7 сыныптар арасында «Туберкулез аурулардың алдын алу» сурет сайысы болды.
Мектеп медбикесі 07.03.2013ж күні 8-9сыныптар арасында сынып жетекшілерімен «Туберкулез аурулардың алдын алу» дөңгелек үстел өткізді.
09.03.2013ж күні мектеп медбикесі: Жолбарысова мед.кабинетке «Туберкулез аурулардың алдын алу» атты санбюлетен шығарды.
Мектеп психолог Хамзина Г. 20.03.2013ж күні «Туберкулез аурулардың алдын алу және одан сақтану жолдары» тақырыбында тренинг өткізілді.
27.03.2013ж күні сынып жетекшілер, ТЖО,тәлімгер «Туберкулез аурулардың алдын алу» мақсатында сұхбат өткізді.
М ә л і м е т
04.10.2013
Жаңаөзен қалалық Білім үйлестіру орталығы 31.01.2013ж №291 хатына сәйкес 2013жылдың 01.02-10.02 аралығында №15 орта мектепте «Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күнін және соған орайластырылған онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі » онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылды.
01.02-10.02.2013жкүндері аралығында мед.кабинетке санбюлетен шығарылды.
01.02-10.02.2013ж күндері аралығында 10-11сыныптар арасында сынып жетекшілер «Дүниежүзілік обырға қарсы күрес» тәрбие сағаттар отті.тәрбие сағаттарға психолог,ТЖО,МБТЖО қатысты.
01.02-10.02.2013ж күндері аралығында 8-9 сыныптар арасында сынып жетекшілер «Онкологиялық аурулардың алдын алу» атты тәрбие сағаттарын өткізді.
05.02.2013ж 7-8сыныптар денсаулық сақтау мамандармен кездесу
ұйымдастырылды.
6.02.2013ж күні мектеп акт залында 8сыныптар арасында «Қатерлі ісік ауруларын алдын алу» атты тақырыбында пікірталас өткізілді.
07.02-10.02.2013ж күндері аралығында дене тәрбиесі пәні мұғалімдері стол теннисі және жеңіл атлетика спорттық шара ұйымдастырылды.
Өнер фестивалі
04.10.2013
1-орынға №8 орта мектебі ие болды.2-орынға №12 бастауыш мектеп ие болды.
Қалалық өнер фестивалінде ІІІ-ОРЫНҒА №15 ОРТА МЕКТЕП марапатталды
М ә л і м е т
Жаңаөзен қалалық Білім бөлімі,Облыстық қосымша білім беру кешенінің 26.09.2012 ж №01-23/328 телефон хатын негізге ала отырып № 15 орта мектепте мектепшілік 09.10.2012ж күні өнер фестиваліне өнерге қабілетті балаларды анықтау мақсатында байқау өткізілді.байқауға 7-8сынып оқушылар , сынып жетекшілер және әділ қазылар қатысты.
І-орын 7д сыныбы,ІІ-орын 7а сыныбы,ІІІ-орынға 8ә сыныптары ие болды.Байқау өте тамаша және тартымды өтті.
Сынып жетекшісі Қаналиева.Қ 7д сыныбы М.Шаханов «Шыңғыс ханның қателігі немесе жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны»тақырыбында өткізілген өнер сайынан І-орынға иеленіп,қалалық өнер сайысына жолдама алып,қалалық өнер сайысына қатысты.Қалалық өнер сайысы №15 орта мектепте өтті. Сайысқа қаланың барлық мектептер қатысты.
Мәлімет
23.09 - 03.10.2014
« № 15 орта мектебі»мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі Сізге
23.09- 03.10.2014ж. күндері аралығында ұстаздар күніне арналған
«Ұстаздар – мәңгілік нұрдың қызметшісі» тақырыбында өткен мерекелік
іс-шаралардың қорытындысы туралы мәліметті жолдайды.
23.09- «Ұстаз- мәңгілік нұрдың қызметшісі» тақырыбындағы ұстаздар күнін мерекелеуге арналған онкүндіктің жоспарын жасақталды.
29.09 - Оқытушылардың марапатталуы кезінде көрсетілетін бейнероликтер слайдпен дайындалды.
Ұстаздар – мәңгілік нұрдың қызметшісі (жоспар)
23.09- 03.10.2014
Ұстаз- мәңгілік нұрдың қызметшісі (сценарий)
03.10.2014
Қарияларға бас иеміз
1.10.2014
«№ 15 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 2014-2015 оқу жылы бойынша Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарияларға бас иеміз!» тақырыбы аясында өткізілетін іс – шараның жоспары.
Қарияларға бас иеміз
1.10.2015
Ақынын ұлықтаған ел бақытты
2017
№ 15 орта мектепте «Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші, қазақ халық шежіреші ақыны, қажы Қаржаубай Рейімбайұлының шығармашылығына арналған «Өнерім – өмірімнің өзегіндей» атты кездесу кеші өтті.
Іс – шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.Кеш барысында өмірі өнегелі ақынның өмір деректерінен шолу жүргізілді. Кездесу кешіне ақынның өлеңдеріне ән жазған әнші композитор Айткүл Абылқызы Әбдіразақова, әнші Алтын Сағындықова, Әнес Қарабасов сонымен қатар ақынның өлеңдерін орындаушы жас буындар ат салысты.
Кешіміздің құрметті қонағы ретінде қатысқан Жаңаөзен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекмағанбетов Қуандық Төрешұлы Өнері өмірімен өрілген құрметке лайық жан болғандықтан ақынның өлеңдерін зерделеді.
Жасынан өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама ой түйген мектеп оқушылары ақынға көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып рухани байй түсті.
Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары жерлес ақынымыздың шығармашылығымен танысып, өлеңдерінен рухани ләззат алып, ақын Қаржаубай Рейімбайұлына жылы лебіздерін білдірді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғожаева Нұргүл
1 Қыркүйек 2016-2017
1.9.2017
8 наурыз 11 Ә
8.3.2017
11 Ә тренинг 2017ж
3.5.2017
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзегу асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай –ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№15 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Улжабайева Жанар Нурмухамедовна Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.
Балалар электр жарақаттары және олардың алдын алу
Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.
Балалардың жарақаттануы - бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема.
Статистика бойынша жарақат негізінен кіші мектеп жасындағы (7-11 жас) балаларда болады. Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) болады.
Жарақаттар үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Әлемде әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп бала өледі.
Балалар жарақаттануының негізгі себептері көп емес:
Негізгісі - нақты жағдайларда қорқынышты ештеңе орын алуы мүмкін емес деп ойлайтын ересектердің бейқамдығы.
Екіншісі - лауазымды тұлғалар немесе балалардың ата-аналары болсын өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ересектердің салғырттығы.
Сонымен қатар, балалардың жарақаттану деңгейіне балалардың тәртіптілігі де үлкен әсер етеді.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті осы мақалада электр тогынан болатын балалардың жарақаттануының алдын алудың кейбір мәселелері туралы баяндайды.
Қауіпті ток
Ең алдымен, электр тогының зақымдану себептерін түсіну керек. Әдетте адамдар 10 кВ (10000 вольт) жабдығы 220 вольттан әлдеқайда қауіпті деп санайды. Бірақ бұл қате пікір. Шын мәнінде электр тогының зақымдаушы факторы кернеуге емес, оның күшіне байланысты. Сондықтан кез келген тұрмыстық құрал қауіпті болуы мүмкін. 10 мА астам ток (0,01 ампер) күшті, ауыр соққы жасай алады, ал 100-ден 200 мА дейін (0,1-ден 0,2 ампер дейін) ток өлімге әкелуі мүмкін!
Бұл ретте, ток күші 10 миллиамперден жоғары болса, бұлшықет тартысы соншалықты күшті екенін білу қажет, бұл зардап шегушінің шок сымын босата алмайды. 20 миллиамперден астам ток кезінде тыныс алу қиындайды және 100 мА жуық ток күшінде толық тоқтайды.
Электр жарақатынан балалар жарақаттануының алдын алу
Балалар жарақаттануы және оның алдын алу өте маңызды және елеулі мәселе, әсіресе мектеп демалысы кезінде.
Жоғарыда біз электр жарақатының себептері туралы айттық. Бұл, ең алдымен, сыртқы ортаның ыңғайсыз болуы, немқұрайлылық, ересектердің немқұрайлылығы, балалардың тұрмыста, көшеде абайсыздығы. Жарақаттанудың пайда болуына балалардың психологиялық ерекшеліктері де ықпал етеді: білім алушылық, үлкен қозғалушылық, эмоционалдық, өмірлік тәжірибенің жетіспеуі, ал осыдан қауіптілік сезімінің болмауы.
Бұл тәуекелдерді алдын алу және балаларды олардан барлық ықтимал тәсілдермен қорғау қажет.
Жұмыс үнемі екі бағытта жүруі тиіс:
1. Электр жарақатын алу мүмкіндігін жою;
2. Балалар электр жарақаттарының алдын алудың негізгі әдістері бойынша балаларға арналған сабақтарды үнемі өткізу.
Тұрғын үйлерге, білім беру объектілеріне, спорт, құрылыс алаңдарына, тұрғын үйлердің және т.б. кіреберістері мен жертөлелерінде, сондай-ақ тұрмыстық аспаптарға тікелей жақын орналасқан кез келген қолданыстағы электр қондырғыларына (электр беру желілері, қосалқы станциялар, кернеу класына қарамастан жабдықтар) ерекше назар аудару қажет.
Балалар келесіні білу қажет.
Трансформаторлық және тарату қосалқы станцияларына жақындауға және жанасуға, ішке кіруге, сондай-ақ шатырға шығуға.
Кабель және әуе электр беру желілерінің құлап кеткен және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және жақындауға.
Электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға қатысты болмайды.
Аспаптарда немесе сымдарда электр тогының бар болуын саусақпен тексеруге.
Сымдарды есіктермен, терезе жақтауларымен қорғауға, сымдарды шегемен бекітуге.
Электр сымдары жылыту батареяларымен, су құбыры құбырларымен, телефон және радиотрансляциялық сымдармен жанаспауын қадағалау керек.
Балаларға розеткалардың жанында ойнауға, оларға түйреуіштер, сымдарды бұруға мүмкіндік беруге болмайды, себебі бұл токпен зақымдануы мүмкін.
Корпусы бойынша ток өтетін тұрмыстық электр құралдарын ("түйістірілетін" аспабы) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Аспаптарды қосу және сөндіру кезінде штепсельдің айырын сымнан емес, пластмасса қалыптан алу керек.
Аспаптардан алынған баулар штепсельдің айырына жалғанбауы керек, себебі кездейсоқ жанасу кезінде токпен зақымдануы мүмкін.
Қосылған электр құралдарын қадағалаусыз қалдыруға немесе оларды балаларға бақылауды тапсыруға болмайды.
Ата-аналар балалардың жарақаттануы үшін жауапкершілікті мұғалімдерге аудармауы тиіс, және балалардың дұрыс мінез-құлқы сіздерге байланысты.
Балалардың жарақаттануы - маңызды мәселе және тек жалпы күш-жігермен балаларды қайғыдан қорғауға болады.
(Материалдар ашық көздерден алынды)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
Бізбен байланыс: 8(72934) 28-016 / 28-216 / 28-152 /
e-mail:
© 2018-2021. Жаңаөзен қаласындағы «№15 жалпы орта білім беру мектебі» КММ..