Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

 «№15 орта мектеп»

коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

ДИРЕКТОР ПАРАҒЫ.

 

Сарсенгалиев Салауат Садихович

Өмірбаяны

 

Сарсенгалиев Салауат Садихович 1963 жылы 16 ақпанда Дәшін селосы, Теңіз ауданы, Гурьев облысында дүниеге келген.

1970 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып, осы мектепті 1980 жылы бітірген.

 1980 жылы Гурьев педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1986 жылы математика және физика пәні мұғалімі мамандығын бітірген.

1986 жылдың тамыз айынан 1987 жылдың тамыз айына дейін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарған.  1987 жылдан 1988 жыл аралығында С.М.Киров атындағы совхоздың комсомол комитетінің секретары қызметін атқарған. 1988 жылдың тамыз айынан Ы.Алтынсарин атындағы мектепте мұғалім болған. 1999 жылдан 2006 жылға дейін осы мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2006 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры қызметін атқарған. 2008 жылдан аталған мектепте математика пәнінен дәріс берген. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016жылдың сәуір айыны дейін Жаңаөзен қаласының Қ.Күржіманұлы атындағы №8 орта мектебінде математика пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеген.

 05.04.2016жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры.

 

 

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

Бізбен байланыс:   8(72934)  28-016 / 28-216 / 28-152  /

e-mail:   15mektep_janaozen@mail.kz

© 2018. Жаңаөзен қаласындағы «№15 жалпы орта білім беру мектебі» КММ..